Киберқауіпсіздік туралы жеке заң қабылданады

/
Киберқауіпсіздік туралы жеке заң қабылданады
сурет: parlam.kz

Қазақстанда киберқауіпсіздік туралы жеке заң қабылданбақ, деп хабарлайды turkystan.kz Мәжілістің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Цифрлық кодексте қауіп-қатерлерді басқаруға, ақпаратты қорғауға және киберқауіпсіздікке қатысты жаңа тәсілдер белгіленеді.

Киберқылмыспен тиімдірек күресу үшін «Ақпараттандыру туралы» заң «Киберқауіпсіздік туралы» деп өзгертіледі.

Жобада цифрлық сәйкестік механизмі – сенімді цифрлық ортаны дамытудың өзін-өзі реттеу механизмі қарастырылған. Сондай-ақ ол стратегиялық маңызы бар және шетелдіктерге берілмейтін ұлттық цифрлық активтер – үкіметтік жиіліктер, дерекқорлар, жүйелер және инфрақұрылым үшін құқықтық негізді нақтылайды.

Негізгі жаңалықтың бірі – цифрлық шешімдердің сапасын, ашықтығын және қауіпсіздігін қамтамасыз ететін үш деңгейлі аудит жүйесі. Олар:

  • функционалды аудит – жүйелердің тиімділігін және олардың қойылған мақсатқа, әсіресе, жасанды интеллект саласына сәйкестігін тексереді;
  • киберқауіпсіздік аудиті – цифрлық инфрақұрылымның сыртқы және ішкі қауіпсіздігін бағалайды;
  • реттеуші аудит – цифрлық реттеудің деңгейі мен жаңа заңнамалық базаға сәйкестігін талдайды.

Бұл шаралар сенім мен жауапкершілікке негізделген тұрақты, қауіпсіз және ашық цифрлық экожүйе құруға бағытталған.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары