Зерендіде инвестордың құқығын бұзған шенеунікке 400 мың теңге айыппұл салынды

/
Зерендіде инвестордың құқығын бұзған шенеунікке 400 мың теңге айыппұл салынды
istockphoto.com

Зеренді аудандық статистика басқармасы талап етілетін ҚР ӘҚБтК-нің 802-бабы 3-1-бөлігінің нормаларын бұзып, прокуратураның келісімінсіз инвесторға қатысты бастапқы статистикалық деректерді ұсынбағаны үшін әкімшілік материал толтырып, әкімшілік жауапқа тартқан, деп хабарлайды turkystan.kz.

Аудан прокуратурасының наразылығы бойынша сотпен инвесторды әкімшілік жауаптылыққа тарту туралы қаулының күші жойылып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс тоқтатылды.

Кәсіпкердің құқықтарын өрескел бұзуға жол бергені үшін басқарма басшысы ҚР ӘҚБтК-нің 173-бабы бойынша әкімшілік жауаптылыққа тартылып, 393 200 теңге мөлшерінде айыппұл салынды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары