Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

/
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
istockphoto

Бүгін, 12 қарашада еліміздің үш қаласында – Атырау, Ақтау және Алматыда қолайсыз метеорологиялық жағдайлар орын алып, ауа сапасы нашарлайды, деп хабарлайды turkystan.kz «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

Мамандардың түсіндіруінше, мұндай жағдай атмосферада зиянды заттардың жиналуына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлардың (әлсіз жел, тұман, инверсия, тыныштық) әсерінен туындайды.

Қолайсыз метеожағдай кезінде атмосфералық ауаның сапасы төмендеп, бұл адам денсаулығына кері әсер етуі мүмкін.

Ауа сапасына жел, жауын-шашын, ылғалдылық және ауа температурасы сияқты синоптикалық факторлар тікелей ықпал етеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары