Мүгедек балалардың ата-аналары алаяқтың арбауына түсіп қалды

/
Мүгедек балалардың ата-аналары алаяқтың арбауына түсіп қалды
istockphoto

Астанада мүгедек балалардың есебінен баюды көздеген ер адам сотталды, деп хабарлайды қалалық прокуратура.

Алаяқ еліміздің әртүрлі аймақтарында тұратын 5 адамды алдаған.

"Ер адам "Біздің балаларға арбалар" деп аталатын "What's App" мессенджер тобына мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған пайдаланылған кресло-арбалар сатылатыны туралы ақпарат таратқан", - деп жазылған хабарламада.

Жәбірленушілер хабарландыруға назар аударып, кресло-арбаларды пошта арқылы жіберуге уәде берген алаяқтың картасына 40-тан 114 мың теңгеге дейін ақша аударған.

Сот кінәсін мойындағанын, шын жүректен өкінгенін және зиянды өтегенін ескере отырып, ер адамға пробациялық бақылау белгілеп, 2 жылға бас бостандығын шектеу жазасын кесті.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары