Ішкі істер министрлігі "Қарасора-2025" республикалық операциясының нәтижесін шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Ол есірткінің заңсыз айналымына қарсы бағытталған.
Оған маусым - қазан айлары аралығында полиция, Ішкі істер министрлігі Ұлттық ұланының және Қорғаныc министрлігінің қызметкерлері қатысты. Тікұшақтар, дрондар және спутник координаталары жұмылдырылды.
Жалпы:
- 3,5 мың есірткі құқық бұзушылығы анықталды,
- 27 тоннадан астам есірткі тәркіленді,
- құрамында есірткісі бар өсімдіктердің 110 мыңнан астам бұталары жойылды,
- 4 ұйымдасқан қылмыстық топ, оның ішінде бір трансұлттық топ құрықталды,
- 6 есірткі зертханасы жойылды.
Есірткі жеткізудің 50 ішкі арнасы жабылды.
Өңірлер бойынша жарқын мысалдар: Жамбыл облысында 200 килограмнан астам марихуана тәркіленді. Алматы әуежайында Үндістан азаматы анықталды. Ол елге 3 келі марихуананы алып кірмек болған. Жезқазғанда 100 келі марихуана тәркіленді. Қызылорда облысында салмағы 300 келі болатын 928 түп қарасора анықталды.