Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды

/
Бүгін қай қалада ауа сапасы нашарлайды
istockphoto

Бүгін, 8 қараша күні Алматы, Атырау және Ақтау қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар болжанып отыр. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Мамандардың айтуынша, мұндай жағдай кезінде атмосферада зиянды заттардың жиналуы ықтимал. Бұл тұрғындардың денсаулығына әсер етуі мүмкін.

Қолайсыз метеожағдайларға әлсіз жел, тұман және температура инверсиясы сияқты факторлар себеп болады. Олар ауа қабаттарының алмасуын қиындатып, қалалардағы ауаның ластану деңгейін арттыруы мүмкін.

Синоптиктер халыққа ашық ауада ұзақ уақыт болмауға, әсіресе балалар мен егде жастағы адамдардың сақ болуына кеңес береді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары