Бүгін бірнеше республикалық жол ашылып, көлік қозғалысы қайта қалпына келеді, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».
Сағат 08:00–ден бастап автокөлік қозғалысы барлық бағытта ашық, — делінген хабарламада.
Қарағанды облысы бойынша «Қызылорда — Жезқазған — Қарағанды — Шідерті» (1067–1135 км) «Қалқаман — Баянауыл — Үміткер — Ботақара» (231–324 км) жолдары ашылады.
Сондай-ақ Ақмола облысында да көлік қозғалысы қайта қалпына келеді. Мұнда «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» (16–200 км) аралығында көлікпен қатынауға рұқсат.