Формат эволюциясының «шыңы»: Әлемдік БАҚ "C5+1" саммиті туралы не жазып жатыр?

/
Формат эволюциясының «шыңы»: Әлемдік БАҚ "C5+1" саммиті туралы не жазып жатыр?
сурет: Ақорда

Вашингтондағы «C5+1» саммитін әлемдік медиа жан-жақты жазып, күн тәртібіндегі мәселелерді талқылап жатыр.  AP News, Reuters, The Diplomat, Bloomberg және өзге де әлемдік дереккөздердің негізгі тезистерін жинақтап, шолу жасадық, деп хабарлайды turkystan.kz.

AP News мәліметінше, Ақ үйде өтетін кездесулердің өзегі – сирек кездесетін пайдалы қазбалар мен өзге де маңызды элементтер саласындағы серіктестік, яғни Қытайға тәуелділікті азайтып, жеткізілім тізбегін әртараптандыру. Саммиттің тақырыбы да – осы, өйткені Қытайдың шектеулері мен жеңілдіктеріндегі ауытқулар нарықта белгісіздік тудырып отыр, ал Орталық Азия ресурстарды игеру үшін сыртқы инвестиция мен технологияға зәру.

AP News, сондай-ақ Қазақстан призмасынан қарағанда, бұл – уран мен түсті металдар, өңдеу инфрақұрылымы, экология стандарттары және экспорт бақылаулары үйлесетін нақты жол картасын АҚШ-пен келісуге ашылған терезе екенін жазды.

Reuters-тің жазуынша, Вашингтон бұл формат арқылы өңірде Қытай мен Ресей ықпалын теңгеруді көздейді: күн тәртібі минералдармен шектелмей, энергия, логистика және қауіпсіздік ынтымақтастығын да қамтиды. Ақ үйдегі жоғары деңгейлі қабылдау АҚШ-тың Орталық Азияда тұрақты ізі бар серіктестік орнатуға ұмтылысын айқындап тұр.

Ал The Diplomat C5+1-дің 10 жылдығында бес президенттің Вашингтонға бір мезетте ресми келуін бұрын-соңды болмаған оқиға, формат эволюциясының «шыңы» деп атады. Биылғы саммит «қауіпсіздік диалогынан» нақты экономика мен жобаларға ұласуы мүмкін.

Bloomberg атап өткендей, кездесу ресурстарға деген жаһандық бәсеке күшейген шақта өтіп жатыр: АҚШ-тың мақсаты – өңдеу мен тасымалдауды Қытайды айналып өтетін арналар арқылы күшейту және бизнес-капиталды өңірлік жобаларға тарту.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары