7 қарашада Астана әуежайынан Астана – Самарқан бағытындағы алғашқы ұшақ ұшып шықты. Ұшақ Vietjet Qazaqstan (Qazaq Air) әуе компаниясына тиесілі, деп хабарлайды turkystan.kz.
«Тарихи екі қаланың арасында тікелей әуе рейсінің іске қосылуы – саяхатқа ыңғайлы әрі астананың байланысын күшейтеді», - деді «Нұрсұлтан Назарбаев атындағы халықаралық әуежай» АҚ басқарма төрағасы Юсуф Альжавдер.
Ұшақ аптасына екі рет: жұма және жексенбі күндері ұшады.