Ақмола облысында вагондар рельстен шығып кетті

/
Ақмола облысында вагондар рельстен шығып кетті
istockphoto

Ақмола облысында теміржолда төтенше жағдай болды. ҚТЖ баспасөз қызметінің хабарлауынша, сегіз вагон рельстен шығып кеткен.

Компанияның ақпаратына сәйкес, 6 қарашада Ақмола облысындағы Макинка станциясына қарасты "Бота 2015" ЖШС-нің кірме жолында 12 вагон жолдан шығып, олардың сегізі ұстап қалу тұйығында аударылған.

Маневрлік жұмыстарға тартылған локомотив жеке компанияға тиесілі, локомотив бригадасы да сол ұйымның қызметкерлері болып шықты.

Оқиға салдарынан байланыс желісінің құрылғылары зақымданды. Зардап шеккендер жоқ. Пойыздардың қозғалысында кідірістер бар.

"Оқиғаның салдарын жою және инфрақұрылымды қалпына келтіру үшін "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ-тың апаттық және қалпына келтіру пойыздары жіберілді. Вагондардың жолдан шығу себептері тексерілуде", - делінген ресми хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары