БҚО-да дропперді ұрып-соғып, заңсыз әрекетті жалғастыруға мәжбүрлеген

/
БҚО-да дропперді ұрып-соғып, заңсыз әрекетті жалғастыруға мәжбүрлеген
Фото: Depositphotos.com

Батыс Қазақстанда банк шотын заңсыз иеленіп, оны басқару арқылы рұқсат етілмеген төлемдер мен ақша аударымдарын жасағандар ұсталды, деп хабарлайды Қаржылық мониторинг агенттігі.

Ұйымдастырушылар уақытша табыс ретінде жастарға екінші деңгейлі банктерден өз атына шот ашуды ұсынған.

"Интернет-банкингтің мобильді қосымшалары орнатылғаннан кейін шоттар қылмыскерлердің бақылауына өткен. Мұндай әрекеттерге қатысқан "дропперлер" 200-ден 350 АҚШ долларына дейін сыйақы алып отырған", - дейді ведомство.

Олардың атына ашылған шоттар арқылы интернет-алаяқтық құрбандарынан түскен қаражат аударылып отырған. Заңсыз айналымдағы қаражаттың жалпы көлемі 17 млн теңгеден асқан.

"Эпизодтардың бірінде банк картасы бұғатталғаннан кейін бір дроппер заңсыз әрекеттерге қатысудан бас тартқан. Қылмыстық топ оны күштеп ұстап, қорқытып, шотты қалпына келтіруді талап еткен", - дейді агенттік.

Қазіргі уақытта ұйымдастырушы күдікті ретінде танылып, соттың санкциясымен қамауға алынған.

Тергеу жалғасып жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары