Талдықорғанда мас күйде көлік басқарған полиция қызметкері жол апатына түсті

/
Талдықорғанда мас күйде көлік басқарған полиция қызметкері жол апатына түсті
istockphoto

Талдықорғанда полиция қызметкері мас күйде көлік жүргізіп, жол апатына түсті. Зардап шеккендер бар, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға 2 қарашада болған. Жол апатынан зардап шеккен 60 жастағы тұрғын көптеген дене жарақатмен ауруханаға түскен. Кейіннен жол апатына кінәлі жүргізуші - полиция қызметкері екені белгілі болды.

Sputnik Қазақстан тілшісі Жетісу облыстық полиция департаментінен оқиғаның мән-жайын сұрап білді.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, Toyota автомашинасының жүргізушісі Талдықорған қаласының Мұстафа Өзтүрік және Батыр Оракты көшелерінің қиылысында жүріп, Aito M9 автокөлігімен соқтығысқан. Жүргізуші, бұрынғы полиция қызметкері Ішкі істер органдарынан босатылды", - дейді ведомстводағылар.

Қылмыстық тергеу жүріп жатыр.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары