343
Головкин жекпе-жегі қанша тұрады?
Головкин жекпе-жегі қанша тұрады?
Vesti.kz кәсіпқой бокста жекпе-жек ұйымдастырудың қанша тұратынын есептеп көрген екен. Осы орайда Геннадий Головкин жекпе-жектерін мысалға ала отырып, бәске қанша тігілетінін, қалай рәсімделетінін тәптіштеп тарқатады. Сайтымыздың оқырмандарына қызық болар деген оймен, қайталап басып отырмыз.
Кәсіпқой бокс бүгінде кәсіп. Нағыз табыстың көзі. Өйткені, қазіргі уақытта кез келген ұйымның бокс кешін ұйымдастыруы қомақты қаржыны талап етеді. Бокс кешін ұйымдастырушылар кешенге, жарнамаға, ұйымдастырушылар кеңестеріне, жекпе-жек үшін және белбеу үшін де ақша төлеп тұрады. Тіпті жекпе-жекті өткізуге рұқсат алу үшін де қаржы төлеу керек.
WBC. Промоутердің лицензия үшін 25 мың доллар. Боксшының лицензиясы - 3 мың, сақтандыру - 1500, реферилердің қызметі - 3150, төрешілердің жұмысы үшін - 7350, супервайзерге 1000 мың доллар, сонымен қатар ұйымның өзіне ең аз деген 3 мың доллар жарна беру керек. Жалпы осылайша жекпе-жек үшін 44 мың доллар кетеді. Бір ескеретін жәйт, боксшы мен промоутердің лицензиясы үшін жарна жылына бір рет төленеді. Одан бөлек, WBC есебіне жекпе-жектен түскен сыйақының 3 пайызы аударылады.
IBF. Бұл ұйымның бір жылдық промоутерлік лицензиясы 4 мың доллар тұрады. Жекпе-жекке рұқсат алу - 3500 доллар, супервайзер - 1000, рефери - 2800, төреші - 6 мың доллар алады. Егер керек болып жатса белбеу үшін тағы қосымша бір мың доллар төленеді. Жалпы ұйымның жекпе-жегі үшін 18 300 доллар кетеді. Головкин бірден үш бірдей белбеуді қорғап жүргендіктен бұл ұйымға табыстың үш пайызы емес, екі пайызы түседі.
WBA. Бұл ұйымның ережесі тұрақты емес. Өйткені жарнаның көрсеткіші де жиі өзгеріп тұрады. WBA ұйымында жарна алудың көп жолдары қарастырылған. Промоутер 25 мың доллар, менеджердің лицензиясы - 1200 доллар, сақтандыру - 3 мың, супервайзер - 1000, төрешілерге - 3100 доллар, егер сыйақының көлемі 5 миллионнан асатын болса, төрешілер 3500 доллар алады. Ал жекпе-жектің рұқсаты бұл ұйымда 20 мың доллар тұрады. Жалпы WBA жекпе-жегін өткізу үшін 65 700 доллар кетеді. Табыстың үш пайызы ұйымның есепшотына түседі.
IBO. Жекпе-жектерді өткізуге ең аз жарна мен шығын кететін ұйым. Промоутердің жыл сайынғы лицензиясының құны - 2 мың доллар тұрады. Бірақ бұл жерде промоутерлік төлем деген бар. Яғни, жекпе-жек үшін промоутер ұйымға 10 мың доллар төлеуі керек. Рефери - 3 мың, төрешілер - 6 мың, комиссия - 1000 доллар алады.
Головкин - Монро (жалпы табыс 1,6 миллион доллар ). Оның үш пайызы 48 (үш ұйым - IBO, WBA, WBC) мың доллар, екі пайызы 32 (IBF) мың доллар. Жалпы 176 мың доллар. Оған жоғарыдағы 150 көлеміндегі жарнаны қосыңыз. Осылайша шығын 326 мың долларға жетеді.
Головкин - Лемье (жалпы табыс 3,5 миллион доллар). Үш пайыз 105 (үш ұйым - IBO, WBA, WBC) мың доллар, екі пайыз 70 (IBF) 70 мың доллар. Жалпы 385 мың доллар. Қосымша жарналармен бірге жалпы шығын 535 мың доллар.
Головкин - Уэйд (жалпы табыс 2,5 миллион доллар). Үш пайыз 75 (үш ұйым - IBO, WBA, WBC) мың доллар. Екі пайыз 50 (IBF). Жалпы 275 мың доллар. Плюс 50 мың доллар. Леффлердің шығыны 425 мың болған.
Головкин - Брук (жалпы табыс 8 миллион доллар). Үш пайыз 240 (үш ұйым - IBO, WBA, WBC) мың доллар. Екі пайыз 160 (IBF). Жалпы 880 мың доллар. Оған 150 мың долларды қосамыз және шығын 1 030 000 мың доллар.
Головкин - Джейкобс (жалпы табыс 4,25 миллион доллар). Үш пайыз 127 500 (үш ұйым - IBO, WBA, WBC) доллар. Екі пайыз 85(IBF). Жалпы 467 500 доллар. Шығын 617 500 доллар. Бұл шығындарға тағы боксшылардың жүріп-тұруы, жарнама, спорт кешеніне берілетін ақша және жаттығу лагерлерінде кеткен сомалар да қосылады.
Айта кетейік, бұл шығын жүз пайыз дұрыс деп айтуға келмейді. Өйткені келіссөздер барысында арнайы жеңілдіктер қарастырылуы ықтимал. Сонымен қатар табыстың басқа да түрлері бар. Тіпті жылына бір рет ғана төленетін жарналар бар. Сол себепті Головкиннің бір жекпе-жегінде қанша ақша шығындалатынын Леффлерден басқа ешкім есептен шыға алмайтын шығар. Ал бұл есеп бойынша Леффлер Головкиннің соңғы бес кездесуінде 2 933 500 доллар шығындаған.