Атырауда облыстық аурухананың дәрігерлері 32 жастағы науқасқа бірегей ота жасап, оның ана болу мүмкіндігін сақтап қалды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Әйел ауруханаға өте ауыр жағдайда түскен: қимылдай алмай, қатты ауырсыну мен ентігу сезінген, іші айтарлықтай үлкейіп кеткен.
Тексеру барысында дәрігерлер пациенттің салмағы 155 келі екенін және оның сол жақ аналық безінде алып киста бар екенін анықтады. Бұл тәжірибелі мамандар үшін де — жоғары қауіп төндіретін күрделі жағдай.
Дәрігерлердің басты мақсаты тек пациенттің өмірін сақтап қалу емес, оның репродуктивті қызметін де сақтау болды. Осы мақсатта қысқа мерзім ішінде гинекологтар, хирургтар және анестезиологтардан құралған мультидисциплинарлық команда жиналып, лапароскопиялық әдіспен күрделі ота жасау туралы шешім қабылдады.
Бұл ота іш қуысына тілік жасамай, арнайы құралдардың көмегімен жүргізілді. Мұндай тәсіл жоғары дәлдік пен кәсіби шеберлікті талап етеді.