Күндізгі сауда қорытындысы бойынша Қазақстан қор биржасындағы (KASE) АҚШ долларының орташа өлшенген бағамы 524,94 теңгені құрап, 2,2 теңгеге өсті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қазақстан Ұлттық банкінің ресми доллар бағамы 5 қарашадағы жағдай бойынша – 522,49 теңге.
Kurs.kz сайтының деректеріне сүйенсек, қазіргі уақытта:
Алматыдағы айырбастау пункттерінде доллардың орташа сатып алу бағамы – 526,24 теңге,
ал сату бағамы – 528,2 теңге.
Астанада долларды орта есеппен 523,61 теңгеден сатып алып, 530,61 теңгеден сатады.
Шымкентте доллардың орташа сатып алу бағамы – 526,46 теңге, сату бағамы – 528,54 теңге.
Еске сала кетсек, 3 қарашадағы күндізгі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 1,65 теңгеге төмендеген, ал 4 қарашада – 5,42 теңгеге төмендеген болатын.