Алматыда 4 қабатты ғимарат өртеніп кетті

/
Алматыда 4 қабатты ғимарат өртеніп кетті
тжм

Алматы қаласы Медеу ауданындағы Самал шағын ауданында орналасқан 4 қабатты әкімшілік ғимараттың шатырынан өрт шықты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде пайдаланылмайтын ғимараттың шатырында түтіндеу байқалды. Оқиға орнында өрт сөндіру штабы құрылды.

"Сөндіруге суды үздіксіз беру қамтамасыз етілді. Өртті сөндіруге бірнеше су оқпандары берілді.

Өртті оқшаулау үшін барлық шаралар қолданылып жатыр", - деді ақпаратта.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары