Қазақстан шекарасында жер сілкінді

/
Қазақстан шекарасында жер сілкінді
istockphoto.com

Шығыс Қазақстан облысы аумағында сейсмикалық оқиға тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz.

РФ Ғылым академиясының Геофизикалық қызметінің Алтай–Саян филиалының деректеріне сәйкес, жерасты дүмпулері 2025 жылғы 4 қарашада Гринвич уақытымен 23:59-да, яғни жергілікті уақытпен 5 қараша күні таңғы 4:59-да болған.

Зілзаланың магнитудасы 3,9, ал эпицентрдегі дүмпу қарқындылығы MSK-64 шкаласы бойынша 4,7 балл деп бағаланған. Эпицентр 49,44° солтүстік ендік және 85,35° шығыс бойлықта, яғни Қазақстан мен Ресей шекарасына жақын жерде орналасқан.

Қазіргі уақытта тұрғындар сезген дүмпулер туралы ақпарат, сондай-ақ жапа шеккендер мен қирандылар жөнінде мәліметтер түскен жоқ.

Мамандар өңірдегі сейсмикалық белсенділікті бақылауды жалғастыруда.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары