Атырауда 200 түйіншек есірткі жасырған тұрғын ұсталды

/
Атырауда 200 түйіншек есірткі жасырған тұрғын ұсталды
Polisia.kz

Атырау облысы полиция синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысқан 45 жастағы Ақтөбе облысының тұрғынын ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жеке тінту барысында күдіктіден 29 орама табылып, кейін оның көрсетуімен қала аумағында жасырылған тағы 200 түйіншек анықталып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, алынған заттар жалпы салмағы шамамен 250 грамм мефедрон синтетикалық есірткісі болып шықты.

Қазір күдікті қамауға алынды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 297-бабының 3-бөлігіне (Есірткі құралдарын заңсыз дайындау, сақтау және өткізу) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары