4 қараша күні Ақтауда бала көлік астына түсті. Жол-көлік оқиғасы 26-шағынауданда болған, деп хабарлайды turkystan.kz.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді.
Құқық қорғау органдарының мәліметінше, шамамен сағат 17:30 шамасында Lada маркалы көліктің жүргізушісі 2018 жылы туған қыз баланы қағып кеткен. Бала ауруханаға жеткізілді.
Көлік жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабы бойынша (Жол қозғалысы ережелерін бұзу, адам денсаулығына зиян келтіру) әкімшілік хаттама толтырылды.