«Дене қызуы 40 градустан түспейді»: министрлік елде белгісіз вирус тарады дегендерге жауап берді

/
«Дене қызуы 40 градустан түспейді»: министрлік елде белгісіз вирус тарады дегендерге жауап берді
istockphoto

Әлеуметтік желілерде "балам белгісіз вируспен ауырып жатыр", "ауруханаларда орын жоқ" деген жазбалар күн санап артып жатыр. Денсаулық сақтау министрлігі бұл жағдайға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Тұрғындардың желідегі жазбасына сенсек, оларды әсіресе дене қызуының 40 градустан түспеуі әбігерге салған. Десе де министрлік "елде белгісіз вирус тарады" деген ақпаратты растамады.

"Бұл маусымдағы жағдай. Яғни қазір мониторинг бойынша, тұмау және басқа да респираторлық аурулар өршіп тұрған жоқ. Ол тек маусымдағы кезең. Тұмаумен қатар Ковид вирусы да айналымда жүр. Ол стратус деген омикронның басқа типі. Оның басқа типтерден айырмашылығы — тез жұғады. Бірақ алаңдауға негіз жоқ — аурудан ауыр халге түсу жағдайы сирек кездеседі", - дейді ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы басқарма төрағасының орынбасары Манар Смағұл.

Ал Денсаулық сақтау басқармасының өкілдері эпидемиялық ахуал тұрақты екенін мәлімдеді.

"Қазір эпидемиялық жағдай тұрақты. Тұмаумен ауыратындардың өскені байқалады. Жалпы Астана қаласында екі инфекциялық орталық жұмыс істейді. Оның бірі ересектерге арналған инфекцияялық орталық және балаларға арналған көпбейінді №3 аурухана", - дейді Астана қаласы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Ақбаян Арапшева.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары