Атырауда 15 жастағы қыз із-түссіз жоғалып кетті

/
Атырауда 15 жастағы қыз із-түссіз жоғалып кетті
Фото: AtyrauTODAY

Атырау облысы Құлсары қаласында 15 жастағы Жұлдызай Мұсағалиева із-түссіз жоғалып кетті, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жергілікті ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Жұлдызай Мұсағалиева 24 қазан күні кешкі сағат 17:00 шамасында үйінен шығып, қайтып оралмаған.

Жасөспірім қыз қара түсті жейде, қара шалбар және ақ түсті аяқ киім киген. Қолында қоңыр түсті сөмке мен iPhone 11 маркалы телефон болған. Полиция бойжеткен туралы ақпарат білетіндерді 102 телефонына хабарласуды сұрайды. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары