Астанада көліктің дөңгелектерін ұрлаған тұрғын ұсталды

/
Астанада көліктің дөңгелектерін ұрлаған тұрғын ұсталды
Polisia.kz

Астана қаласында полицейлер гараж аумағында ұрлық жасады деген күдікпен 36 жастағы қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тергеу барысында анықталғандай, күдікті түнгі уақытта құлыпты бұзып, гаражға заңсыз кірген.

Гараждан сегіз көлік дөңгелегін ұрлап кеткен. Ұрланған мүлікті көлігіне тиеп, оны көлік бөлшектерін сататын орын арқылы сатпақ болған.

Келтірілген материалдық залалдың жалпы сомасы шамамен 700 мың теңгені құрады. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдіктінің жеке басы анықталып, күдікті тұрғылықты жері бойынша ұсталды.

Қазір ұстау изоляторында отыр. Полиция азаматтарға жеке мүлкін қорғау шараларын қабылдауды, сондай-ақ гараждар мен аулаларға бейнебақылау және дабыл жүйелерін орнатуды ескертеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары