Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилердің қатысуымен К.-ға қатысты аффект жағдайында кісі өлтіргені үшін қылмыстық ісқаралды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сот анықтағандай, К. азаматтық некедегі жұбайы М.-мен жанжал кезіндеоның тарапынан көрсетілген зорлық-зомбылық пен қорлықтың салдарынан қатты жанкүйзелісі (аффект) жағдайында оған ас үй пышағымен дене жарақатын келтіріп,нәтижесінде М. қаза тапты.
«Іс материалдарына сәйкес, К. М.-нің жұмысқа бармай, ақшасын картаойынына және ішімдікке жұмсайтынына наразылығын білдірген. Сол кезде М. оғанбасынан және бетінен соққылар жасады. Бұған жауап ретінде К. көкөніс турапжатқан ас үй пышағымен оған жарақат салды, кейін жедел жәрдем шақырған. М. ауруханада қан кетуден қайтыс болды.
Алқа билердің шешімімен К. М.-нің зорлық-зомбылығы мен қорлығынан туындаған қатты жанкүйзелісі (аффект) жағдайында орташа ауырлықтағы қылмыс жасап кісі өлтірді деп таныды.
Жаза тағайындауда сот айыпталушының жасы (63 жас), қайтыс болған М.-нің туыстары тарапынан материалдық және моральдықшағымдардың болмауын жеңілдететін мән-жайлар депескерді», – делінген ақпаратта.
Сот үкімімен К.-ға1 жылға бас бостандығынан айыру тағайындалды, сонымен қатар «ҚРКонституциясының 30 жылдығына байланысты жарияланған рақымшылық туралы» заңды қолданумен олжазадан босатылды.