«Сұраған кезде сенбеп едім»: Instagram-ның ресми аккаунты қазақстандық блогердің видеосын жариялады

/
«Сұраған кезде сенбеп едім»: Instagram-ның ресми аккаунты қазақстандық блогердің видеосын жариялады
Скриншот

Instagram-ның ресми аккаунты еліміздің көрікті жерлері туралы түсіріп жүрген белгілі блогер Дастан Мұхаммедрахымның видеосын жариялады, деп хабарлайды turkystan.kz.

696 млн адам жазылған Instagram-ның ресми парақшасындағы Дастанның ол видеосын 13 сағатта 40 миллион адам қарап үлгерген.

«Аллаға мың да бір шүкір!

@instagram 3 апта бұрын видеоны жазып сұраған кезде сенбеп едім. Әлі де сену қиын болып тұр. 3 жыл бұрын 5 000 оқырман болған кезде алғаш дронмен контент бастап едім. Кім ойлаған бір дронмен осындай әлемдік деңгейге жетуге болады», - деп жазды ол.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары