ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады

/
ІІМ жүргізушілерге үндеу жасады
istockphoto.com

Ішкі істер министрлігі ауа-райының қолайсыздығына байланысты жүргізушілерге үндеу жасады, деп хабарлайды turkystan.kz.

«Құрметті азаматтар! Алдағы күндері ел аумағында ауа райының нашарлауы күтіледі: қар жауып, көктайғақ болып, жел күшейіп, жолдарда көріну деңгейі төмендейді.

Ішкі істер министрлігі барлық жүргізушілерді барынша мұқият болуға және көліктерін алдын ала дайындауға шақырады:

доңғалақтардың, тежегіш жүйесінің жағдайын, техникалық сұйықтықтардың деңгейін және қажетті қысқы жабдықтардың бар-жоғын тексеріңіздер.

Әсіресе жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын және қалааралық жолдарға шығатын жүргізушілерге айтарымыз: жылдамдық режимін, арақашықтықты және маневр жасау ережелерін сақтаңыздар.

Өз өмірлеріңіз бен айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігін сақтаңыздар. Жолдағы қауіпсіздік әрқайсымыздан басталады, - деді ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің басқарма бастығы Айдын Оразбаев», - делінген үндеуде.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары