Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдеуі мүмкін

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдеуі мүмкін

Қазақстандықтарға шенген визасын алу жеңілдеуі мүмкін
ашық дереккөзі
Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов 2017 жылғы 12 сәуірде Манфред Грунд бастаған ГФР Бундестагының «Германия – Орталық Азия» парламенттік топ делегациясын қабылдады деп жазады Егемен Қазақстан. Тараптар екіжақты ынтымақтастықтың және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері, оның ішінде Сириядағы ахуалы, Орталық Азиядағы даму келешектері және ҚР БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде тұрақты емес мүшелігі мәнмәтіндегі Ауғанстанға қолдау көрсету жөніндегі дүниежүзілік қауымдастықтың шаралары, «Жібек жолы экономикалық белдеуі» қытайлық бастамасын іске асыру барысы және халықаралық маңызы, қазақ-неміс сауда-экономикалық ынтымақтастығы, «ЭКСПО-2017» көрмесіне Германияның қатысуы, ҚР азаматтары үшін Шенген елдеріне бару үшін визалық тәртіпті жеңілдету, ҚР мен ЕО арасындағы кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімнің ратификациялауы бойынша мәселелері талқыланды. Қ. Әбдірахманов 4 сәуірде Қазақстан барлық мүдделі тараптардың қатысуымен, БҰҰ және Химиялық қаруға тыйым салу жөніндегі ұйым қолдауымен Сирияда химиялық қаруды қолдануы мүмкін фактісіне қатысты объективті, жан-жақты және тиянақты тергеу жүргізетінін атап өтті. Сонымен қатар, Министр Қазақстан Сирияда тұрақты бітімге жету мақсатында Астана келіссөздер процесін жалғастыру үшін әрі қарай платформаны қамтамасыз етуге дайын екенін атады. Орталық Азия мен Ауғанстандағы ахуал туралы айтқанда, Қ. Әбдірахманов Қазақстан екіжақты негізде көмек көрсетуде жалғастыратынын атап, Ауғанстанға қолғабыс көрсетуде көпжақты механизмдерін қолдау туралы өңірдің барлық бес елдің тәсілдері ортақ екенін маңызды факт ретінде атап өтті. Қ. Әбдірахманов Қазақстан мен Германия арасында дипломатиялық қатынастар орнаған кезеңнен бастап 25 жыл ішінде елдеріміз арасында екіжақты ынтымақтастықтың жоғарғы даму деңгейіне жеткенін, ауқымды шарттық – құқықтық базасының құрылғанын, қомақты көлемде диалогтық алаңдар мен өзара іс-қимыл тетіктердің істеп тұрғанын атап өтті. 2016 жылы сауда айналымы 1,7 млрд. АҚШ долл. құрады. Қазақстан мен Германия арасындағы Шикізат, өнеркәсіп және технологиялық салалардағы әріптестік туралы келісімнің бірлесе іске асырылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың дамуында маңызды рөл атқарады. 2012 жылдан бастап Қазақстанда қосарлы кәсіптік-техникалық білім беру саласында «Назарбаев-Меркель» бастамасы бойынша германдық модель енгізілуде. Алматыда орналасқан Қазақ-неміс университеті, Гёте атындағы институттың және Неміс академиялық алмасулар қызметінің (DAAD) Қазақстандағы өкілдіктері білім беру саласындағы ынтымақтастықтың басқа жемісті үлгісі болып табылады. Сонымен қатар, Германияда білім алатын қазақстандық студенттер санының көбеюіне байланысты, 2009 ж. ГФР-да «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығының өкілдігі ашылды. Кездесу барысында, Қ. Әбдірахманов Қазақстан мен екі ел арасындағы, сондай-ақ Еуропалық одақпен жалпы адами байланыстарын әрі қарай кеңейту тақырыбын жеке атап, Қазақстан өз тарапынан салмақты қадам басуда екенін атап өтті. Осылайша, жыл басынан Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы және ЕО мүше мемлекеттерінің азаматтарына елімізге келу мақсатында төлқұжаттардың барлық түрлеріне 30 күнге дейін визасыз тәртіп орнатылған, шетел инвесторлары, іскер делегациялары және туристердің елге келуін жеңілдету бойынша шаралар қабылдауда әрекет етілуде. Сонымен бірге, Қазақстан азаматтарды құжаттандыру саласында бақылау стандарттарын арттыруда, мемлекет ретінде көші-қон тәуекелін көрсетпейді, сондықтан қазақстандықтар үшін шенген аймағы елдеріне бару виза тәртібін жеңілдету бойынша еуропалық тарапынан КСЫК-та бекітілген келісімдерге сәйкес келетін ыңғайласпа мәмілесін күтуде. КСЫК ратификациялау тақырыбын талқылау кезінде тараптар барлық мүдделі тараптардың мүддесіне жауап беретін аталған ауқымды келісімнің толық және тез күшіне енетініне, және де бұл бағытта белсенді жұмысын жалғастыруға келісті. Герман делегациясының Астанада болатын кезінде Парламенттің қос палаталарының төрағаларымен, ҚР Инвестициялар және даму министрілігінің және «Астана ЭКСПО-2017» АҚ басшылығымен кездесулері жоспарлануда.