Ақтөбеде еліміздегі алғашқы өрт сөндіру жеңдерін шығаратын зауыт ашылды

/
Ақтөбеде еліміздегі алғашқы өрт сөндіру жеңдерін шығаратын зауыт ашылды
Ақтөбе облысы әкімдігі

Бұл жоба «O’rt tehnika-Qazaqstan» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жүзеге асырылып, елімізде импортты алмастыру және өрт қауіпсіздігі саласындағы ұлттық өндірісті дамыту бағытында маңызды қадам болды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Компания 2024 жылы құрылған. Негізгі бағыты — әлеуметтік, әскери және коммерциялық нысандарда, сондай-ақ Төтенше жағдайлар министрлігінің бөлімшелерінде кеңінен қолданылатын жоғары технологиялық өрт сөндіру жеңдерін өндіру. Өнімнің басты ерекшеліктері — су өткізбейтіндігі, жоғары температура мен қысымға төзімділігі.

Ақтөбеде өндірістің іске қосылуы өңірде жергілікті жоғары технологиялық кластердің қалыптасуына жол ашып, облыстың өнеркәсіптік әлеуетін арттыруға және импортқа тәуелділікті азайтуға мүмкіндік береді.

Компания басшысы Асқар Абдрахманов өз сөзінде көрсетілген қолдау үшін алғысын білдірді.

— «Өңір басшылығы тарапынан бізге қолдау көрсетілді. Соның нәтижесінде индустриялық аймақтан 1 гектар жер бөлінді. Қазір біз тесттік кезеңде жұмысты бастап кеттік. Кәсіпорын толық қуаттылыққа шыққаннан кейін индустриялық аймақта жеке ғимарат салып, өндірістік жабдықтар санын арттыруды жоспарлап отырмыз»,— деді ол.

Ақтөбеде өрт сөндіру жеңдерін шығаратын өндірістің іске қосылуы — бұл тек өнеркәсіптік жоба ғана емес, бұл — елдің қауіпсіздігі мен технологиялық дербестігін нығайтуға, сондай-ақ өңір мен ұлттық экономиканың тұрақты дамуына үлес қосатын маңызды қадам.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары