Қарағанды облысында тыйым салынған затты сатқан дүкен иесі ұсталды (ВИДЕО)

/
Қарағанды облысында тыйым салынған затты сатқан дүкен иесі ұсталды (ВИДЕО)
Polisia.kz

Қарағанды облысы Теміртау қаласында 20 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол интернет арқылы есірткі заттарын таратты деген күдікке ілінді, деп хабарлайды turkystan.kz.

Жеке тінту барысында күдіктіден екі iPhone телефоны, 200 мың теңге көлемінде ақша және шамамен 2 грамм ұнтақ тәрізді зат табылып, тәркіленді.

Сонымен қатар оның тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде жалпы салмағы 100 грамға жуық, ақшыл сары түсті ұнтақ салынған 51 түйіншек анықталды.

Тергеу нәтижесінде ұсталған азаматтың есірткі сатумен айналысқан интернет-дүкеннің иесі екені дәлелденді. Ол төрт ай бойы заңсыз қызмет жүргізіп, тыйым салынған заттарға төлемді криптовалюта арқылы қабылдап отырған.

Сондай-ақ оның қала аумағында бірнеше есірткіге жасырын орындар ұйымдастырғаны белгілі болды.

Қазір полицейлер осы қылмысқа қатысы бар өзге тұлғаларды анықтауға бағытталған тергеу амалдарын жалғастыруда.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары