Бүгін Қарағанды қаласындағы Қазыбек би аудандық соты 22 жастағы Алика Мұхамадиеваға қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Сот оны әлеуметтік және ұлттық араздықты қоздырды деген айыппен 3,5 жылға бас бостандығынан айырды.
Алайда, Аликаның екі жасар баласы бар болғандықтан, сот жазаны өтеуді кейінге қалдыру туралы шешім қабылдады. Бұл дегеніміз ол баласы белгілі бір жасқа толғанша түрмеге отырмайды.
Еске салайық, Алика Мұхамадиева шілде айында әлеуметтік желіде жариялаған қорлайтын жазбалары мен пікірлері үшін ұсталған. Ол қазақстандықтарды «мамбет», мұсылмандарды «доңыз» деп атаған.
Аталған жазбалар қоғамда үлкен наразылық туғызды. Артынша Алика видео арқылы кешірім сұрап, өз әрекетіне өкінетінін айтты.