Жақын күндері Қазақстанда бұрқасын күшейеді

/
Жақын күндері Қазақстанда бұрқасын күшейеді
istockphoto.com

«Қазгидромет» синоптиктері 4, 5 және 6 қарашаға арналған ауа-райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстанның солтүстігінде қар мен боран күтіледі

Алдағы күндері Қазақстан аумағы Атлант циклонының ықпалында болады. Бұл циклон елдің басым бөлігінде жауын-шашын (негізінен қар) және желдің күшеюін тудырады.

Ел бойынша тұман, көктайғақ, ал солтүстік өңірлерде – бұрқасын күтіледі.

«Тек республиканың батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Ал оңтүстік аймақтарда атмосфералық фронттардың өтуімен байланысты қатты жауын-шашын (жаңбырдың қарға ауысуы) күтіледі, ал елдің солтүстік бөлігінде кей жерлерде қатты қар жауады», – делінген хабарламада.

Күндізгі ауа температурасы айтарлықтай төмендейді:

солтүстік және орталық өңірлерде –2...–10°С дейін;

оңтүстік және оңтүстік-шығыста +2...+7°С шамасында күтіледі.

Бұған дейін «Қазгидромет» синоптиктері қараша айына арналған консультативтік ауа райы болжамын жариялаған болатын. Ай басында республика аумағының басым бөлігінде солтүстік циклонның әсерінен тұрақсыз ауа райы күтіледі. Жаңбырдың қарға ауысуы болжанады, ал солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде негізінен боранмен бірге қар жауады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары