Каспий жағалауынан итбалықтардың өлекселері табылды

/
Каспий жағалауынан итбалықтардың өлекселері табылды

Ақтау тұрғыны Баутино елді мекені маңынан жағалаудан бірнеше итбалықтарының өлексесін тапқанын мәлімдеді, деп хабарлайды turkystan.k сайты Lada.kz-ке сілтеме жасап.

— Кеше Баутино жағалауынан алты өлі итбалық табылды, олардың екеуінің үстінде тор болған, — деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін экологтар каспий итбалықтарының қырылуы браконьерлік торларға шырмалуға, теңіз экожүйесіндегі өзгерістер мен адам әсеріне байланысты болуы мүмкін екенін бірнеше рет атап өткен болатын.

Өткен жылдың қараша айында теңіз жағалауынан өлі итбалықтардың көп табылғаны тіркелген. Бар болғаны бір ай ішінде жүргізілген мониторинг барысында тек Түпқараған ауданында ғана 1 155 өлі итбалықтың денесі анықталған.

Осыған байланысты Гидробиология және экология институтымен бірлесіп, токсикологиялық және гистологиялық зерттеулер жүргізілді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары