Астанада аса ірі көлемдегі алаяқтық ісі бойынша сот басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Қуандық Бишімбаевтың анасы өз туысын 1 миллион долларды иемденіп алды деп айыптады. Айтуынша, бұл қаражатты абысынына «Антикор тартып алмауы үшін» сақтауға берген.
Туысы бұл айыптаулардың бәрін жоққа шығарып отыр. Оның қорғаушысы бұл істі «отбасылық жанжал» деп атап, талап арыз Бишімбаевтар отбасына Нүкенова ісі бойынша «көмектесуден» бас тартқаннан кейін ғана пайда болғанын айтты.