WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы Дмитрий Биволдың бұрынғы жұбайына қатысты іздеу жарияланғаны туралы ақпарат Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есептер порталында пайда болды, деп хабарлайды turkystan.kz.
Жарияланған деректерге сәйкес, Екатерина Бивол Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің бастамасымен іздеу жарияланғандар тізіміне енгізілген. Іс 2025 жылдың 1 қарашасында Астанада тіркелген. Іздеуді елордадағы Байқоңыр ауданының полиция басқармасы жүргізіп жатыр.
Онда төмендегідей мәліметтер көрсетілген:
Туған күні: 1990 жылғы 1 қазан
Жынысы: әйел
Азаматтығы: ТМД
Ұлты: орыс
