Абай облысындағы трассада 3 адам қаза тапты

/
Абай облысындағы трассада 3 адам қаза тапты
Instagram/pervyi_semsky

Жыланды ауылы маңындағы трассада цемент тиелген жүк көлігін (КамАЗ) және Toyota маркалы жеңіл автокөлік соқтығысып, бірнеше адам көз жұмды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жол апаты республикалық маңызы бар «Омбы-Майқапшағай» тасжолының учаскесінде болған.

«Toyota Avensis пен Howa көліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Toyota Avensis жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында көз жұмды», – деп хабарлады ведомство өкілдері.

Аталған факті бойынша тәртіп сақшылары ҚР Қылмыстық Кодексінің 345-бабы 4-бөлігіне (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол қозғалысы ережелерін бұзуының абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соғуы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары