Түркістан облысында жер сілкінісі болды

/
Түркістан облысында жер сілкінісі болды
istockphoto

Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты "Сейсмологиялық байқау және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығының" хабарлауынша, 2025 жылғы 3 қарашада Астана уақытымен сағат 01:29-да жер сілкінісі тіркелді, деп хабарлайды turkystan.kz. 

Зілзаланың эпицентрі Алматы қаласынан оңтүстік-батысқа қарай шамамен 1079 шақырым жерде, Ауғанстан аумағында орналасқан. Жер сілкінісінің магнитудасы MPV 6.2, тереңдігі 120 км болды.

Сейсмологтардың мәліметінше, дүмпулер Қазақстанның оңтүстігінде әлсіз сезілді:

Шымкент қаласында – 2 балл,
Түркістан облысының Мақтаарал ауданы Мырзакент ауылында – 2 балл,
Жетісай қаласында – 2 балл,
Шардара қаласында – 2 балл (MSK-64 шкаласы бойынша).
Құрбандар мен қираулар туралы ақпарат жоқ.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары