Елімізде жанар-жағармай қазанда қанша қымбаттады

/
Елімізде жанар-жағармай қазанда қанша қымбаттады
istockphoto

Қазақстанда жанар-жағар май қымбаттады. Koleso.kz қазанда баға қалай өзгергенін анықтады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Биыл қазан айында Қазақстанда жанар-жағар май бағасын көтеруге мораторий енгізілді. Үкіметтің бұйрығымен мораторий 16 қазаннан бастап күшіне енді, бірақ оған дейін жанармай бағасы қыркүйекпен салыстырғанда қымбаттады.

Мысалы, Алматыда АИ-92 бағасы 5-6 теңгеге қымбаттады. Сонымен қатар барлық ірі желілік жанармай құю станциясында бірдей баға енгізілді — литріне 241 теңге. АИ-95 құны одан да қымбат: отын құны 291-ден 300 теңгеге дейін және "Газпромнефть" желісінде G95 сияқты фирмалық маркалар 308 теңгеге дейін өсті.

"Алматының жанармай құю станцияларындағы жазғы дизель де рұқсат етілген ең жоғары шекке жетіп, 335 теңгеге өсті. Айта кетері, жыл басынан бері жекелеген жанармай құю бекеттерінде оның құны 40 теңгеге өскен", - деп жазды портал.

Елордада қазан айының соңында АИ-92 бағасы қыркүйекке қарағанда 4-5 теңгеге, яғни 231–235 теңгеден 235-237 теңгеге дейін, АИ-95 құны 281 теңгеден 294 теңгеге дейін қымбаттады. Дизель отыны 321-323 теңгеден 322-327 теңгеге көтерілді.

Шымкентте жанар-жағар май салыстырмалы түрде қолжетімді. Мұнда АИ-92 маркалы жанар-жағар майдың литрін 222-225 теңгеден сатып алуға болады. Бұл қыркүйекке қарағанда 5-8 теңгеге қымбат.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары