Қазақстандық оқушылар робототехника чемпионатында төрт дүркін әлем чемпионы болды

/
Қазақстандық оқушылар робототехника чемпионатында төрт дүркін әлем чемпионы болды
Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан оқушыларынң робототехникадан Ұлттық құрамасы Панама-Ситиде өткен FIRST Global Challenge (FGC) 2025 Бүкіләлемдік Олимпиадасында биыл қатарынан төртінші жыл айрықша жеңіске жетіп, тағы да тарихи жетістікке қол жеткізді. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі хабарлайды.

Оқу-ағарту министрлігінің хабарлауынша, әлемнің 190 елінен келген командалардың ішінен қазақстандық оқушылар бірінші орынды иеленіп қана қоймай, бірден екі жоғары марапатты жеңіп алды:

GRAND CHALLENGE AWARD (алтын) - Роботтардың біліктілік ойындарында рекорд орнатқан абсолютті чемпиондарға берілетін турнирдің Бас жүлдесі.

ALBERT EINSTEIN AWARD (алтын) - Үздік инженерлік әзірлемелері, техникалық шеберліктері мен командалық жұмыс және көшбасшылық жетістіктері үшін берілетін Жоғарғы төрешілік марапат. Бұл марапатта кешенді артықшылық пен инновация ескеріледі.

Еліміздің құрамасын NIS Алматы-Медеу мектебінің 9-10 сынып оқушылары Рашат Досымжан, Дәулет Ілияс, Орынбасаров Алихан, Әсетұлы Мадиар және Тұрсымбаев Нұрасыл таныстырды. Жаттықтырушылары – Нұрдәулет Досмағамбет, Асылбек Мұрзахметов және Дулат Байтөленов.

Бүкіләлемдік чемпионатта қатарынан төрт рет жеңіске жету (Женева-2022, Сингапур-2023, Грекия-2024, Панама-2025) Қазақстанды халықаралық STEM-білім беру аренасындағы абсолютті әлемдік көшбасшыға айналдырады.

"Біздің балаларымыз жеңісті төртінші рет қатарынан жеңіске жетті. Бұл ретте, команданың құрамы бірде-бір рет қайталанбағанын атап өткен жөн – жыл сайын ел намысын қорғау үшін жаңа қатысушыларды дайындаймыз", - деді USTEM Foundation Қоғамдық қорының жетекшісі Асылбек Мұрзахметов.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары