Әлеуметтік желіде Астанада азаматтық істер жөніндегі ауданаралық соттың судьясы көлікті мас күйінде жүргізгені үшін ұсталды деген ақпарат тарады. Полиция бұл ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.
"Рейдтік іс-шаралар барысында патрульдік полиция қызметкерлері Mazda маркалы автокөлікті тоқтатты. Сараптама нәтижесі жүргізушінің алкоголь ішкенін көрсетті", - дейді полиция департаменті.
Автокөлік коммуналдық тұраққа қамалып, тексеру жүргізіліп жатыр.