Орал қаласының тұрғынынан 12 келі есірткі тәркіленді

/
Орал қаласының тұрғынынан 12 келі есірткі тәркіленді
Фото: БҚО ПД

«Қарасора» жедел алдын алу іс-шарасы барысында Батыс Қазақстан облысының полиция қызметкерлері ірі көлемде есірткі заттарының заңсыз сақталғанын анықтады.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткеніндей, Орал қаласында 39 жастағы тұрғынның үйі тінтілген.

Тінту барысында үйдің шатырынан өсімдік тектес заттар салынған үш жәшік және екі полиэтилен пакеті, сондай-ақ қарасораға ұқсас 39 бұта (бесеуі тамырымен, 34-і тамырсыз) табылып, тәркіленді. 

— Құрамында есірткі бар өсімдіктердің жалпы салмағы 9,68 килограмм болды. Бұдан бөлек, 2,77 кг кептірілген марихуана тәркіленді. Бәрінің жалпы салмағы 12 килограмнан асады. Ұсталған тұрғын кінәсін мойындады. Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды, - деп хабарлады ведомстводан. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары