Терең шұңқырға түсіп кеткен: Жамбыл облысында құтқарушылар әйелге көмектесті

/
Терең шұңқырға түсіп кеткен: Жамбыл облысында құтқарушылар әйелге көмектесті
ТЖМ

Жамбыл облысында әйел төрт метрлік шұңқырға құлап кетті, - деп хабарлайды ТЖМ.

Оқиға Жамбыл ауданына қарасты Айша бибі ауылында болған.

"Оқиға орнына жедел-құтқару жасағының құтқарушылары дереу жетті. Олар альпинистік жабдықты пайдаланып, тереңдігі төрт метрден асатын шұңқырға түсті, зардап шеккен әйелді шығарып, жедел жәрдем бригадасына тапсырды", – деп мәлімдеді ведомство өкілдері.

ТЖМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, құтқарушылардың жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында әйелдің өмірі аман қалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары