Бас прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады

/
Бас прокуратура қазақстандықтарға ескерту жасады
Gov.kz

Алаяқтар "Бос жұмыс орындары туралы" қулыққа басты. Бұл туралы Бас прокуратура хабарлап, халыққа алданып қалмауды ескертті.

Интернет-алаяқтар танымал платформаларда және әлеуметтік желілерде минималды талаптармен жоғары табыс табатын жұмысқа орналасу туралы хабарландырулар жариялап жатыр.

"Интернет алаяқтар жұмыс іздеушіге жалған сайттарға сілтеме, жеке деректерді жинауға арналған сауалнама жібереді немесе "жұмыс істеуге арналған мобильді қосымшаны" орнатуды ұсынады. Бұл оларға банктік деректерге, мессенджерлерге және құрылғыны басқаруға мүмкіндік береді", - дейді Бас прокуратура.

Шетелде, оның ішінде Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде Тайланд, Мьянма, тағы басқа елдерде жұмыс істеу туралы жалған ұсыныстар да өзекті боп тұр.

"Азаматтарды IT, модельдік, қонақ үй бизнесі саласында немесе call-орталықтарға жұмысқа орналасу түрімен шетелге әкету үшін жалдайды. Онда олар еңбек және сексуалдық құлдықта болуы, қанауға және зорлық-зомбылыққа ұшырауы мүмкін", - дейді прокуратура.

Ведомствоның мәліметінше, кейбір жағдайларда зардап шеккендерді басқа азаматтарды мәжбүрлеп алдау немесе дене мүшелерін трансплантациялау схемаларында пайдаланады.

Бас прокуратура ескертеді:

- құжаттарды жібермес немесе қосымшаларды жүктемес бұрын жұмыс берушінің заңдылығын және сайттың мекен-жайын тексеріңіз;

- жұмысқа, оқуға немесе визаға ресімдеу үшін қаражат аудармаңыз;

- қосымшаларды тек Google Play, App Store ресми дүкендерінен орнатыңыз;

- ресми шарт жасасқанға дейін жеке басын куәландыратын құжаттардың көшірмелері мен деректерін және банк карталарын ұсынбау керек;

- қызметкерлерді іріктеу бойынша қызмет көрсететін делдалдың немесе агенттіктің заңдылығына көз жеткізу және агенттіктің тіркеу деректерімен шетелдік жұмыс беруші арасында жасалған шартты сұрату;

- кез келген күмән туындаған кезде полицияға хабарлау керек.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары