Солтүстік Қазақстанда кәсіпкерді атып кетті

/
Солтүстік Қазақстанда кәсіпкерді атып кетті
istockphoto

Солтүстік Қазақстан облысының Докучаево ауылында 22 жастағы жігіт өз жұмыс берушісін атып өлтірді. Қайғылы оқиға 31 қазан күні болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, ауыл тұрғыны жалақысын талап ету үшін жергілікті фермерге барған. Алайда екеуінің арасында жанжал туып, жігіт қару қолданған.

Полиция күдіктіні дереу ұстаған.

«52 жастағы ер адамның өліміне байланысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Қалған ақпарат ҚР Қылмыстық-процессуалдық кодекстің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды», – деп хабарлады СҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары