Алматыда ірі жол апаты болды

/
Алматыда ірі жол апаты болды
Әлеуметтік желіден

Алматының әл-Фараби даңғылында ірі жол апаты болып, бірнеше көлік соқтығысты.

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, жол апаты 31 қазан күні шамамен сағат 22:50 кезінде Бостандық ауданында болған.


Фото: threads.com/@tam1rka.axaxa
BMW маркілі көлігінің жүргізушісі әл-Фараби даңғылымен шығысқа қарай кетіп бара жатып, жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, алты көлікпен соқтығысқан.

-Жол апаты салдарынан бес адам медциналық көмекке жүгінді. Апаттың мән-жайын Бостандық аудандық полиция басқармасының қызметкерлері анықтап жатыр,-деп хабарлады Алаты қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары