Алматы тұрғынынан заңсыз сақталған қару тәркіленді

/
Алматы тұрғынынан заңсыз сақталған қару тәркіленді
Polisia.kz

Алматы қаласында полиция атыс қаруын заңсыз сақтады деген күдікпен ер адамды ұстады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Тұрғылықты жері бойынша тінту барысында полицейлер сыртқы бейнесі атыс қаруына ұқсас затты тауып, тәркіледі.

Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Аңшы мылтығы сот-баллистикалық сараптамаға жіберілді.

 - Біз қаруды заңсыз ұстау деректерін дәйекті түрде анықтап, жолын кесіп келеміз. Мұндай жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі, себебі алдын алу шаралары қылмыстың алдын алуға және қоғамдық қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік береді, – деді Алматы қалалық ПД есірткі қылмысына қарсы күрес басқармасының бастығы Мұрат Жұмабаев.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары