Әнші Айгүл Иманбаева танымал продюсер Баян Алагөзованың Алматы қаласындағы зәулім үйін көрсетті, деп хабарлайды turkystan.kz.
Өнер иесі продюсердің "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағын атап өтуге шақырылғанын айтты.
"25 жылдық достық – бұл мақтануға да, қуанышқа да себеп. Қымбатты досым Баян, сені ерекше қадірлеймін. Шаңырағыңнан шаттық, бақыт, береке, бірлік кетпесін", - деді әнші.

 
								 
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                             
                                         
                                        