«Әйнектер денесіне қадалды»: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың жол апатына түскен сәтін еске алды

/
«Әйнектер денесіне қадалды»: Гүлзира Айдарбекова Қайрат Нұртастың жол апатына түскен сәтін еске алды

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова отбасымен жантүршігерлік жол апатына түскен сәтін еске алды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Өнер иесі ұлы Қайрат Нұртастың үнемі көзілдірік тағатын себебін жол апатынан алған жарақатымен байланысты екенін айтты.

«Қытайға ұшамыз деп асығып келе жатып, жол апатына ұшырадық. Көліктен түк қалмай, шелпек болып қалды. Бірақ құдай сақтап қалды. Қайрат терезеден ұшып кетті. Әйнектер сынып, денесі мен қасына астына қадалып қалды. Содан тыртық пайда болды. Көзілдірікті сол үшін тағып шығатын.

«Өкініш» фильміне жол апатын кірістірдім. Қалай көліктен аударылғанын және өзімнің сол кезде қандай күйде болғанымды көрсеттім. Телефон соққаным да еш өзгеріссіз фильмге енді, – деп жазды Қайрат Нұртастың анасы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары