Қарағандыда заңсыз киік аулаған адам ұсталды

/
Қарағандыда заңсыз киік аулаған адам ұсталды
polisia.kz

Қарағанды облысында полицейлер заңсыз киік аулау дерегін анықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қарағанды облысында табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау және жолын кесуге бағытталған республикалық "Браконьер" жедел-профилактикалық іс-шарасы жалғасуда.

Операция барысында Қарағанды облысы полиция департаментінің табиғатты қорғау полициясы қызметкерлері Шахтинск қалалық полиция бөлімінің криминалдық және патрульдік полицейлері бірлесіп рейд жүргізді.

Тәртіп сақшылары рейд кезінде Nissan Safari көлігін тоқтатты. Көлікті тексеру барысында көліктің төбесінде орналасқан жүк салғыштан киікке ұқсас сойылған екі аң табылды. Жүргізушінің аң аулауға заңды рұқсат етілген құжаттары жоқ екені белгілі болды.

Аталған дерек бойынша полицейлер тарапынан тексеріс жүргізіп, қылмыстық іс қозғалды.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары