Түркіменстанда үш мектеп құм астында қалды

Түркіменстанда үш мектеп құм астында қалды

Түркіменстанда үш мектеп құм астында қалды
ашық дереккөзі
Түркіменстанның Баткен облысының тұрғындары аймақтағы елді-мекендерді құм басып жатқанын хабарлады. Жолдарды, тұрғын үйлерді және әлеуметтік маңызды нысандарды, соның ішінде мектептерді құм басқан.
Осы аймақта Берекет және Сердар аудандарындағы үш мектеп құмның астында қалғаны хабарланды. "Жел тұрған сайын, құм көтеріле береді. Құм мектепке дейін кіріп кетті. Қазір мектептің төрт жағын да құм басып қалды. Оған баратын жол құм астында қалды. Балардың мектепке баруы қиындады", - деді Йылгынлы ауылының бір тұрғыны Азаттық радиосына. Оның айтуынша, 15 жыл бұрын Йылгынлы ауылы солтүстікке қарай үш шақырым жерге көшуге мәжбүр болған. Бірақ мектеп сол жерде қалған. Содан бері балалар бірнеше шақырым жердегі мектепке жаяу барып жүр. Ауылдағы кейбір үйлердің шатырына дейін құм басқан. "Біз облыстық және аудандық әкімшіліктен көмек сұрадық. Жаңа ауылдан мектеп салып беруін де өтіндік. Бірақ әзірге жауап жоқ", - деді Йылгынлы ауылының тұрғындары.