Павлодар облысының тұрғындары үшін жағымды жаңалық жарияланды

/
Павлодар облысының тұрғындары үшін жағымды жаңалық жарияланды
istockphoto

Павлодар облысы Аққулы ауданында 70 мың гектар жер заңсыз берілген, деп хабарлайды облыстық прокуратура.

Аудан прокуратурасы 9 елді мекеннің тұрғындарына кадастрлық құны 2,7 млрд теңге болатын жайылымдық жерді қайтарды. Ведомствоның мәліметінше, тұрғындар жайылым жоғын айтып, жиі шағымданған.

"Жайылым мен шабындық жерлердің жетіспеушілігіне қатысты көптеген өтініш келіп түсті. Осыған байланысты кешенді талдау жүргізілді. Нәтижесінде заң талаптарын бұза отырып берілген, сондай-ақ пайдаланылмай жатқан немесе заңсыз пайдаланылып жатқан 70 мың гектардан астам жер телімдері анықталды", - дейді прокуратура.

Мысалы, бір ғана ЖШС төрт жыл бойы 11,5 мың гектар жайылымды пайдаланбаған. Қазіргі уақытта Павлодар облысының Жер ресурстарын басқару департаменті бұл жерлерді мемлекет меншігіне қайтару жұмыстарын жүргізіп жатыр.

"Сонымен қатар прокуратура актісі бойынша бұрын жеке пайдалануға берілген құны 2,7 млрд теңгеден асатын 3 мың гектардан астам елді мекен жерлері мемлекетке қайтарылды. Түсіндіру жұмыстары жүргізілгеннен кейін жердің үштен бірі тікелей мақсаты бойынша пайдаланыла бастады", - дейді ведомство.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары