Қазақстандық үш балуан жасөспірімдер Азиадасының финалына шықты

/
Қазақстандық үш балуан жасөспірімдер Азиадасының финалына шықты
olympic.kz

28 қазанда Бахрейннің Манама қаласында өтіп жатқан Азия ойындарында еркін және әйелдер күресінен жарыстар басталды, деп хабарлайды turkystan.kz.

Қазақстан құрамасынан үш спортшы финалға жолдама алды.

Қыздар арасында 53 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Сания Сұлтанғали жартылай финалда тайбэйлік Чао-ших Сяодан басым түсті.

61 келіге дейінгі салмақта Жайдар Мұқат жапон спортшысы Ваки Аваноны жеңді.

Ал ерлер арасында Бекасыл Асамбек шиеленіскен жартылай финалда ирандық Сейедтахи Хашемиді 6:4 есебімен жеңді.

Айта кетейік, финалдық белдесулер 28 қазан күні өтеді.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары